Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Шетелдік журналисттер «Нұр Әлем» Сферасына тәнті болды
2019-08-19

Елімізге қазіргі заманғы Қазақстан мәдениетінің жетістіктерімен танысу үшін Аустрия, Германия, Италия, Қытай, Үндістан, Польша және Швеция елдерінен шетелдік журналисттер мен туристік блогерлер тобы келді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру шеңберінде ҚР СІМ тарапынан ұйымдастырылған баспасөз туры барысында, шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері болашақ энергиясы мұражайы — «Нұр Әлем» Сферасына келді.

Жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы өте қызықты экспонаттарға тамсана қараған журналисттер гидтерге көптеген сұрақтар қойып, бейнесюжеттер түсіріп, фотосуреттері үшін қызықты ракурс іздеп жатты. Шетелдік қонақтар, Сфераны шынында да әлемдегі ең әдемі және мазмұнды құрылыстардың бірі деп санайтындарын атап өтті.

«Бұл мұражай, жастар мен үлкендер жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы ең соңғы әзірлемелермен таныса алатын үздік білім беру орталығы деп атауға болады.Барлығы жақсы ойластырылып, суреттелген», - дейді Osteexperte.de журналисті Урс Эмиль Ункаф.

«Мен энергия үнемдеу саласындағы үздік әлемдік технологияларды, сонымен қатар күн, жел, теңіз, мұхит және жылы сулар энергиясы сияқты қолданыстағы баламалы энергия көздерін қолдану саласындағы жаңа әзірлемелер мен технологияларды көргім келді. Сондықтан осындамын. Көрген нәрседен аң-таң болып қалдым», - деп өз ойымен бөлісті «Specchio Economico» баспасының журналисті Джиозетта Сиуфа.

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017