Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Танымал шоумен Андрей Разыграев «Нұр Әлем» Сферасын әлемдегі бірігей мұражай деп атады
2019-08-22

EXPO іскерлік орталығының басты нысанына «Муз-ТВ» телеарнасының «Отпуск без путевки» (Жолдамасыз демалыс) трэвэл-шоуы мен оның жүргізушісі – танымал шоумен Андрей Разыграев келді.

Жүргізуші Нұр-Сұлтан қаласының барлық көрікті жерлеріне барып, оны «Келешек қаласы» деп атады.

Шоумен EXPO іскерлік орталығы мен «Нұр Әлем» Сферасына тәнті болды. Андрей өзінің бағдарламасында «Нұр Әлемнің» ерекшеліктерін баяндап, оны әлемдегі бірегей мұражай деп атап, Нұр-Сұлтан қаласының ең қызықты туристік нысандарының арасында 1-орынға қойды.

«Отпуск без путевки» (Жолдамасыз демалыс) – жолдама мен туроператорсыз саяхаттайтын туристерге кеңес беретін танымал бейнекүнделік.

Біздің елордамызды қоса алғанда телебағдарламаның түсірілім тобы әлемнің жиырмадан астам елін аралады.

Бағдарламаның толық шығарылымын https://www.youtube.com/watch?v=r05MJpLM2LU сілтемесі арқылы көре аласыздар. («Нұр Әлем» Сферасы туралы үзіндіні 33:14 — 38:58 уақыт аралығында көруге болады).

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017