Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қызметкерлері «Astana Marathon 2019» қайырымдылық марафонына қатысты
2019-09-09

8 қырқүйек күні Нұр-Султан қаласында жыл сайын өтетін «Astana Marathon 2019» қайырымдылық марафоны ұйымдастырылды. Іс-шара дәстүр бойынша EXPO іскерлік орталығы аумағынан басталды. Ауқымы байынша ғаламат спорттық сайысқа Қазақстан және 27 шетелдік мемлекеттің 38 қаласынан келген 5000-нан астам адам 42,2 және 10 шақырым қашықтыққа бағын сынауға келген. Жас жағынан ең үлкен жүгіруші – 76 жаста, ең жасы – 18 жаста болды.

Үздік нәтиже көрсетіп мәреге жеткен жүгірушілер арасында Ұлттық Компания қызметкерлері – Сүлейменова Айна және Қарашаш Жұлдыз да бар.  

Марафонға қатысушылардың көбісі кәсіпқой спортшы болып табылмайтындығын және тек спорт пен салауатты өмір салтына құлшыныстары нәтижесінде және қайырымдылық мақсатында қатысқандығын атап өткен жөн болар. Осы күні ешкім жеңілмеді, барлығы дерлік сергектік пен ширақтықтың қуатынан нәр алды деуге болады.

Марафон кезінде жиналған қаражатты «АЯЛА» қайырымдылық қоры көру, есту және сөйлеу қабілеттілігі бұзылған балаларға арналған арнайы мектеп – интернатқа түзету қондырғыларын алуға көмек беруге бағытталған «ерекше балаларға - ерекше қамқор» жобасын жүзеге асыруға жұмсай алады.  

«Астана ЭКСПО-2017» ҰК ұжымы, астанамыз және еліміз үшін ірі және маңызды осындай оқиғаның бір бөлігі болуға мүмкіндік берген қатысушылар мен жанкүйерлерге үлкен алғыс білдіреді және барлық стартқа шығушылар мен марафонға қатысушыларды шын жүректен құттықтайды!

 

 

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017