Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

EXPO іскерлік орталығында Astana IT University тұсаукесері болды
2019-09-11

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердікбек Сапарбаев, Цифрлық даму, инновация және аэроғарыштық өнеркәсіптер министрі Асқар Жұмағалиев, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, сондай – ақ Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» ҚҚ Директоры Динара Құлыбаева және «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ербол Шорманов жаңа университеттің ұстаздары және студенттерімен кездесті. 

Аталмыш университет биыл Ақпараттық-коммуникациялық технология, Ақпараттық қауіпсіздік, Телекоммуникация, Бизнес және Басқару секілді бағыттар бойынша 614 студент қабылдап алған. Олар физика-математикалық бейімдеуі бар арнайы мектептерді қосқанда, Қазақстанның барлық аймақтарының мектеп түлектері. Astana IT University оқу орнындағы дайындық үш жылға есептелген. 

«Сіздер күрделі сайыстан өтіп, маңызды жеңіске жеттіңіздер. Сіздерді алда ең үздік жаңалықтар күтеді деп кәміл сенем. Мемлекетіміз ең үздік идеялар орындалатын және алуан түрлі инновациялар жүзеге асырылатын, тарихи маңыздылыққа ие EXPO аумағынан бізге теңдесі жоқ ғимарат ұсынды. Дәл осы жерде еліміздің экономикасын одан әрі дамытуға арналған IT саласындағы стартап-жобалар жүзеге асырылатын болады», - деп «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры» ҚҚ Директоры Динара Құлыбаева студенттерді қарсы алды. 

Студенттерге шетелдік және қазақстандық алдыңғы қатарлы профессорлар, зерттеушілер және тәжірибешілер дәріс беретін болады. Университет ішінде шығармашылық жұмыстар үшін стартап-жобаларға арналған коворкинг-орталығы, OpenSpace алаңы, CISCO, Cyber labs оқу зертханалары, IPMA project management бойынша сертификациялаудың халықаралық орталығы секілді арнайы орындар ұйымдастырылған.

Университеттің серіктестері ретінде АХҚО, Astana HUB және SAP University Alliances болып табылады. 
Huawei, ASBIS (APPLE ресми дистрибьюторы), CISCO, Cyber labs, IPMA project management бойынша сертификациялаудың халықаралық орталығы, 1C, HP, KPMG, Kolesa GROUP, Choco Family, Qaztech Ventures және Qazaq Cybersport Federation ұйымдарымен меморандумға қол қою аяқталу кезеңіне келіп тұр.

Astana EXPO іскерлік орталығы аумағында орналасқан IT University ең үздік заманауи әдістемелерді қолданып, ақпараттық технология саласында білім беретін көшбасшы болуға арналған. Осылайша, Тұңғыш Президент – Елбасы бастамасымен кезекті үздік жобаны іске қосу арқылы, EXPO іскерлік орталығы, заманымыздың ең ауқымды және инновациялық кластеріне, бірегей сәулеттік шешіммен бір кешенде іскерлік, ойын-сауық және көрме жобаларын біріктірген ғаламдық және бірыңғай экожүйесіне айналды.

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017