Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасына «ЭКСПО-2017» көрмесінің мұралары және АХҚО құқықтық жүйесінің дамуы туралы ақпарат ұсынылды
2019-09-13

Қазақстанның тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығында болды, деп хабарлайды elbasy.kz сайты.

Нұрсұлтан Назарбаевқа «ЭКСПО-2017» көрмесінің мұралары мен АХҚО құқықтық жүйесінің дамуы туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, Тұңғыш Президентке АХҚО сотының, Ағылшын құқығы академиясының, Халықаралық төрелік орталығының және АХҚО ахуалдық орталығының қызметі туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар, сапар барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қаржы орталығы биржасының негізгі акционерлерімен және қатысушыларымен кездесті.

Спикерлердің баяндамаларын тыңдағаннан кейін, Нұрсұлтан Назарбаев ел басшылығының АХҚО қызметін толықтай қолдайтындығын атап өтті.

«Қазақстан «ЭКСПО» көрмесі аяқталғаннан кейін, оның орнында «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру туралы маңызды шешім қабылдады. Ғимаратты пайдалануды біз көрмені өткізу кезінде ойлаған болатынбыз және ел басшылығы бұл шешімді қолдайды. Істер заңға сәйкес қабылданған. Сондай-ақ, осында айтылған баяндамалардың маңызы өте зор», - деді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Анықтама:

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «ЭКСПО» көрме кешенінің аумағында құрылған.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017