Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесінің делегаттары «Нұр Әлем» сферасын аралады
2019-09-25

Еуразия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысу үшін, Нұр-Сұлтанға әлемнің 60 астам елінен делегаттар келді. Кеңес «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтті. Форум қарсаңында, мәдени бағдарлама аясында делегаттар Болашақ энергиясы мұражайы – «Нұр Әлем» сферасына барды.

Шетелдік парламентшілерді әйгілі американдық сәулетшілер дуэті Адриан Смит пен Гордон Гиллдің жобасы бойынша салынған, диаметрі 80 және биіктігі 100 метр болатын, әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат – «Нұр Әлем» сферасының бірегей сәулеті таң қалдырды.

Антонио Гутьеррес Лимонес, Испания сенатының халықаралық қатынастар жөніндегі комитетінің төрағасы

- Мен, шынымен де, таң қалып тұрмын. Бұл өте әдемі ғимарат екен, соңғы қабатқа көтерілсеңіз, бүкіл қаланы тамашалай аласыз. Сол кезде, Нұр-Сұлтанның қаншалықты әдемі, жақсы жобаланған қала екенін түсінесіз. Мен үлкен әсер алдым және бұл жерге келгеніме өте қуаныштымын.

Шетелдік қонақтардың көңіліне жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы тақырыптық экспозициялар, оның ішінде су жаңа интерактивті ойын қондырғылары, «ақылды қала» прототиптері, экологиялық машинажасау саласындағы озық үлгілер ерекше жақты.

Арман Исраелян, Армения Парламентінің сыртқы байланыстар басқармасының басшысы

- Болашаққа түскендей әсер алдым. Баламалы энергетика саласындағы озық технологиялармен танысқаннан кейін, мен адамзаттың қазіргі кезде алдында тұрған мәселелерінің шешімі осы жаңа технологияларда екенін түсіндім.

Сондай-ақ, қонақтарды контентпен тікелей танысуға мүмкіндік беретін Сфера экспонаттарының интерактивтілігі таң қалдырды.

Иван Челич, Хорватия Парламентінің Денсаулық сақтау және әлеуметтік саясат жөніндегі Төрағасының орынбасары

- Мұндай ғажайып ғимаратты мен алғаш рет көріп тұрмын. Бұл өте қызықты болды. Мен жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы көптеген жаңа заттарды көрдім. Менің ойымша, қазақстандықтар мұндай көрікті орынды мақтан тұта алады және көптеген туристтер оны өз көздерімен көргісі келеді.

Халықаралық көрмеден кейін, Сфера өз өмірінің жаңа кезеңіне өтті: бұл жаңа қалыптасқан ғылыми-білім беру орталығы, онда жастар мен ересектер жаңғыртылатын энергия көздері саласындағы ең соңғы жаңалықтармен таныса алады.

Джетн Сиратранонт, Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентшілерінің форумының (ХҚДАПФ) Бас хатшысы, Тайланд парламентінің мүшесі.

Болашақ энергиясы мұражайы - таңғажайып орын. Мен Сфераның жел энергиясына, күн энергиясына, су энергиясына арналған барлық дерлік қабаттарында болдым. Менің ойымша, әлемнің барлық студенттері балама энергия көздерін оқу және олардың қажеттілігін түсіну үшін осы жерге келу керек.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017