Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

EXPO іскерлік орталығында күзгі цифрлық жаңа өнімдердің тұсаукесері өтті
2019-10-03

2 қазанда «Astana Hub» Халықаралық IT-стартаптар технопаркінің алаңында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ұйымдастырған, Ted Talks форматындағы «Цифрлық күз. Бастама» атты кездесуі өтті.

Блогерлер, журналисттер және қоғам өкілдері қатысқан бұл шарада ҚР ЦДИАӨМ министрі Асқар Жұмағалиев осы күздің ең басты 3 жаңалығын – жаңа eGov мобильді қосымшасының іске қосылуын, мекенжай анықтамасының жойылуын және ҚР Қаржы министрлігінің алдағы салық төлемдері туралы хабарлау жөніндегі SMS-сервисін таныстырды. 

Жаңартылған eGov мобильді қосымшасының Beta-нұсқалары жақын арада PlayMarket және AppStore дүкендерінде қол жетімді болады. Бұл қосымша арқылы 23 қызмет алуға, ЭЦҚ шығаруға өтінім жіберуге, тіпті оның әрекет ету мерзімін ұзартуға болады. Қызметтерді қосымшадағы бір ғана тетікті басу арқылы алуға болады. Сұрауларды растау Touch ID немесе FaceID арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, кездесуде мемлекеттік қызметтерді енді әлеуметтік желілерден алуға болатындығы айтылды. Халық Telegram желісіндегі eGov ботын жақсы қарсы алғандықтан, оның қызметін 650 мыңнан астам қазақстандық қолданған, Facebook және ВКонтакте желілерінде де осындай сервистер іске қосылды. Енді ең жиі сұралатын 15 анықтама мен сервисті тікелей әлеуметтік желілер арқылы ала аласыз.

Сонымен қатар,  іс-шарада 2019 жылдың 1 қарашасынан бастап мекенжай анықтамаларының жойылатындығы айтылды. Азаматтың мекенжай мәліметтерін қажет ететіндердің барлығы оны жаңа сервис арқылы өз бетінше ала алады. Ол үшін азамат мекенжайы туралы ақпаратты беру жөніндегі өз келісімін SMS-хабарлама арқылы растауы керек. Оған қоса, жақын арада ҚР азаматтары өз мобильді құрылғыларына (смартфондарына, батырмалы телефондарына) төлеулері керек салық сомалары туралы SMS-хабарламалар алатын болады. Бұл хабарламаларды алу үшін, азамат өз нөмірін азаматтардың мобильді базасына egov.kz электрондық үкімет порталы немесе mgov мобильді қосымшасы арқылы тіркеуі қажет. SMS-хабарламаның сөзсіз артықшылығы жеке тұлғаларға салық міндеттемелері туралы хабарламалардың бірден жеткізілуінің жүз пайыз дерлік кепілдігі болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, EXPO іскерлік орталығында орналасқан «Astana Hub» алаңында жақын арада тағы бір инновациялық форум өтеді. 2019 жылдың 24-25 қазанында «Digital Bridge» атты жыл сайынғы халықаралық технологиялық форумы өтеді. Үздік  IT-мамандар мен технологиялық кәсіпкерлер тәжірибе және цифрлық даму саласындағы инновациялық шешімдермен алмасу үшін ортақ диалогтік алаңда бас қосады. Биыл «Digital Bridge» форумы Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтің бастамасымен елдің жас IT-мамандарына қолдау көрсету үшін өткізілуде. «Digital Bridge» форумының негізгі мақсаты – Қазақстанның инновациялық экожүйесінің қатысушыларының арасында диалогтік алаң құру және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) қатысушы елдері арасында заманауи технопарктер пулын қалыптастыру. Форум алаңындағы негізгі іс-шара Next Tech Entrepreneur Forum стратегиялық сессиясы болғалы отыр. Қатысушылар үшін болашақ білімі, венчурлік қаржыландыру, киберспорт, бизнес-инкубациялау, цифрлық медиа сияқты түрлі тақырыптар бойынша ашық пікірталастар ұйымдастырылады. Қатысушылар арасындағы B2B кездесулер де осы жерде ұйымдастырылады. Форум барысында дәстүрлі түрде Қазақстанның IT-индустриясын дамытуға қосқан үлес үшін берілетін жыл сайынғы Astana Hub Awards премиясы, сондай-ақ технологиялық стартаптар арасындағы Astana Hub Battle бәсекесі өткізіледі. Сонымен қатар, «Digital Bridge» аясында «Digital ХҚО» сервистерінің демонстрациясы, Almatу және Astana IT University бағдарламалау мектептерінің ресми ашылуы өтеді. Бұл Елбасы Н. Назарбаев бастаған ЭКСПО кешенінің базасындағы 4-ші жаһандық жоба (АХҚО, Astana Hub және Жасыл технологиялар орталығымен қатар). EXPO іскерлік орталығының аумағында орналасқан Astana IT University ақпараттық технологиялар саласындағы ең озық әдістемелермен оқытатын үздік мектеп атануы керек.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017