Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

EXPO Іскерлік орталығының аумағында тағы бір инновациялық жоба іске асырылып жатыр
2019-10-15

Ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші университет – Astana IT University және ІТ индустриясы саласындағы әлемдік көшбасы – Cisco компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Аталған келісімнің шеңберінде, университетте студенттерге желілік технологиялар, киберқауіпсіздік және бағдарламалау сияқты бағыттар бойынша компанияның Желілік академиясының курстарынан өтуге мүмкіндік беретін ең жаңа жабдықтармен қамтылған Cisco желілік зертханасы ашылмақ. Курстардан бөлек, зертханада бірлескен хакатондар, техникалық воркшоптар және шеберлік сабақтары өткізілмек, осылайша болашақ ІТ мамандары Cisco жетекші мамандарынан мансаптық мүмкіншіліктер жөніндегі ұсыныстар ала алатын болады. Сонымен қатар, студенттер желілік технологиялардың салалық стандарты болып табылатын индустриялық сертификаттауға да дайындала алады.

Бұдан бөлек, бұл – қашықтан оқуға арналған Cisco Webex аппараттық-бағдарламалық шешімі бар Қазақстандағы алғашқы зертхана. Аталған шешім университетке шетелдік ЖОО оқытушыларын шақыруға, басқа елдердегі мамандармен кеңесуге және тәжірибе алмасуға, ал студенттерге – халықаралық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

EXPO Іскерлік орталығының аумағында орналасқан Astana IT University университеті «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын ойдағыдай іске асыру үшін білікті кадрларды даярлауға бағытталған.

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017