Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

EXPO-2020 Dubai басталуына дейін 1 жыл
2019-10-22

2019 жылы 20 қазанда Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы елшілігі «ЭКСПО-2020 Дубай» көрмесінің басталуына дейін 1 жыл» атты салтанатты рәсімін ұйымдастырды, оған «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өкілдері де қатысты.

– Дубай ЭКСПО-2020 дүниежүзілік көрмесі «Болашақ үшін сана-сезімді біріктіру» тақырыбында 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін өтеді. ЭКСПО-2020 көрмесі аумағының пішіні жатаған бедеге ұқсайды, ол көрменің 3 қосымша тақырыбын «Мүмкіндіктер», «Ұтқырлық» және «Тұрақтылықты» білдіреді, – деп атап өтті БАӘ-нің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұхаммад әл-Джабер.

Көрмеге 25 млн. адам қатысады деп күтілуде. ЭКСПО кешенінің жалпы алаңы 438 га құрайды, оның ішінде Көрменің аумағы – 150 га. Дубай ЭКСПО-2020 Ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша, 192 ел Көрмеге қатысатынын растады.

Қазақстанның ұлттық павильоны Біріккен Араб Әмірліктерінің павильонына жақын орналасқан «Мүмкіндіктер» тақырыптық кластерінде ұсынылатын болады.

Қазіргі уақытта «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонын жобалау бойынша жұмыстарды аяқтауда. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған. Барлық жұмыстар Дубай ЭКСПО-2020 Ұйымдастыру комитетімен келісілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

Ұлттық павильонда еліміздің тарихы, мәдениеті мен дәстүрлері, цифрландыру, көліктік-логистикалық әлеует саласындағы стратегиялық бағдарламаларды іске асыру, халықаралық аренадағы жаһандық бастамалар және инновациялық технологияларды дамыту және басқа да бағыттар ұсынылады. Қазақстан Республикасының ЭКСПО-2020 Дубай көрмесіндегі ұлттық күні 2020 жылдың 1 желтоқсанына жоспарланған. Бүгінгі күні павильонның табысты жұмысы үшін көрменің барлық кезеңіне арналған мәдени-ойын-сауық және іскерлік іс-шаралар бағдарламасы құрылуда.

 

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017