Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

EXPO Іскерлік орталығында «Digital Bridge» ең ірі техникалық форумы өтеді
2019-10-23

Ертең Astana HUB халықаралық технопаркінде «Digital Bridge-2019» инновациялық технологиялар саласындағы ең ірі халықаралық форумы өтетін болады.

24-25 қазан аралығында цифрландыру саласындағы танымал отандық және шетелдік сарапшылар әлемдік үрдістерді талқыға салып, озық тәжірибелер және бизнес-үлгілермен бөліседі.

Биылғы «Digital Bridge» форумы еліміздің жас ІТ-мамандарын қолдау мақсатымен Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың бастамасы бойынша өткізіліп отыр. «Digital Bridge» басты мақсаты — Қазақстанның инновациялық экожүйесінің қатысушылары арасында іскерлік алаңша құрып, Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) қатысушы елдердің арасында заманға сай технопарктер қалыптастыру. Форумға халықаралық ІТ-қоғамдастықтың өкілдері, технологиялар саласының атақты сарапшылары, кәсіпорын басшылары, технологиялық кәсіпкерлер, әртүрлі елдерден келген мемлекеттік сектор өкілдері, цифрлық әзірлемелер саласының кәсіпқойлары, сондай-ақ венчурлық капиталисттер мен инвесторлар қатысады. Бұдан бөлек, Next Tech Entrepreneur Forum стратегиялық сессиясы — форумның алаңшасындағы өзекті іс-шара болады. Қатысушылар үшін келесі тақырыптарды ашық талқылау мүмкіндігі ұйымдастырылады: келешекте білім беру, венчурлық қаржыландыру, киберспорт, бизнес-инкубациялау және цифрлық медиа.

Оның үстіне, аталған форумның аясында цифрландыру жөніндегі бес вице-министрдің қатысуымен бірегей сессия өткізіледі. Сол жерде, қатысушылар арасындағы В2В кездесулері ұйымдастырылады. Іс-шара өтетін күндері, Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін табыс етілетін жыл сайынғы Astana Hub Awards сыйлық беру рәсімі, сонымен қатар технологиялық стартаптар арасында Astana Hub Battle жарыстары дәстүрлі түрде өткізіледі.

«Digital Bridge» шеңберінде, «Digital ХҚКО» қызметтері таныстырылады: Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастаған ЭКСПО кешені негізіндегі 4-ші жаһандық жоба (АХҚО, Astana Hub және Жасыл технологиялар орталығымен қатар) — Almat бағдарламалау мектебі және Astana IT University ресми түрде ашылады.

Биылғы жылдың басты инновациялық оқиғаларының бірін жіберіп алмас үшін https://registration.digitalbridge.kz/ сілтемесі арқылы тіркеліп үлгеріңіз.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017