Баспасөз орталығы / Жаңалықтар

Павлодар облысының еріктілері «Нұр Әлем» Сферасында болды
2019-11-29

Павлодар облысының еріктілері «Нұр Әлем» Cферасында болды. Өңірдің белсенді жастарының сапары Қазақстанда «Еріктілер жылы» деп жарияланған 2020 жыл қарсаңында өтті.

Елордамыздың «Болашақ энергиясы» мұражайын алғаш рет көрген Ертіс өңірінің 16 еріктісі футуристік атмосфера мен баламалы энергетика саласындағы жаңа өнертабыстарды көріп таң қалды.

Облыстық еріктілер қозғалысының кураторы Әйгерім Шамиданованың айтуынша, бұл сапар астанамен таныстыру ретінде болды. Алдағы жылы елордалық ірі жобаларды жүзеге асыруға қатысуға олардың ең белсенділерін жіберу жоспарланып отыр.

 

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
ЭКСПО мұрасы
Astana EXPO 2017 - Happy
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017