ЭКСПО мұрасы / Нысандар / Нұр Әлем

Құрметті қонақтар, "Нұр Әлем" болашақ энергиясы мұражайына қош келдіңіздер!
ЭКСПО-2017 көрмесі мұрасының туристік аймағының ең маңызды нысаны, әрине, «Нұр Әлем» павильон-мұражайы болып табылады. Айта кетер болсақ, шетелдік БАҚ-та елордамыздың жаңа символы туралы жиі айтылады. «Болашақ энергиясы» мұражайы Париждің Эйфель мұнарасы, Лондонның «Шыны сарайы» спетті белгілі нысанға айналды.
Бүгінде «Нұр Әлем» туристердің ең көп баратын объектілердің бірі болып табылады. Астаналықтар мен қала қонақтары көңіл көтеріп қана қоймай энергия туралы бірегей білім алып, оның пайда болуы және пайдалану әдістерін біле алады. Сондай–ақ, «Нұр Әлем» сферасы 2017 жылғы қараша айында ерекше қорғалатын мемлекеттік сәулет объектісі болып танылды.
«Нұр Әлем» павильоны 8 қабатты бірегей сфералық нысан. Тақырыптық тұжырымдамасы «Болашақ энергиясы» мұражайы ретінде ұсынылды.
 
1
1-қабатында
«Ұлттық павильон» орналасқан, ол негізгі екі аймаққа бөлінген:
  • Қазақстанмен танысу аймағында алуан түрлі және кең ландшафттар, бай мәдениет, тарих, Қазақстанның бүгіні мен болашағы көрсетілген;
  • «Жасампаздық энергия» аймағы отандық ғалымдардың ең үздік жобаларын, энергетика және қоршаған ортаны қорғау саласындағы бастамаларын, республика өңірлерінде табысты іске асырылатын және асырылған «Жасыл экономика» жобаларын, сондай-ақ «Токамак» Қазақстандық термоядролық материалтану реакторын қамтиды..
Сфералық ғимараттың 2-ші қабатынан 8-ші қабатына дейін энергияның негізгі түрлері көрсетілді: ғарыш энергиясы, күн, жел, биомасса, су және кинетикалық энергия.
 
8
8 – деңгей: Болашақ Астана
Келушілердің саяхаты 8 лифттің көмегімен 8-ші деңгейге көтерілгеннен кейін басталады. Жоғарғы деңгейде Болашақ Астана – Қазақстанның астанасы 2050 жылы экспозициясымен танысады. Қаланың мүсіндік моделі оның орнықты дамуын және экологиялық тиімділігін сипаттайды.
 
7
7 – деңгей: Ғарыш энергиясы
Ғарыш энергиясының таныстырылымы ғарыштан энергия шығаратын ғылыми зерттеулердің жоспары мен идеясын көрсетуден басталады.
 
6
6 – деңгей: Күн энергиясы
6-деңгей келушілерге ежелгі өркениеттен бастап заманауи озық технологиялардың көмегімен күн энергиясын пайдалану тәсілдерімен таныстырады.
 
5
5 – деңгей: Жел энергиясы
Жел энергиясының көрінісі желдің әр түрлі жылдамдығын көрсете алатын «Жел аллеясы» экспозициясынан басталады.
 
4
4 – деңгей: Биомасса энергиясы
4-қабат дәнді-дақылды биомасса көзін қамтитын күн энергиясы «қоймасын» ұсынатын жасыл көріністі алаң спетті.
 
3
3 – деңгей: Кинетикалық энергия
Көрме келушілерді кинетикалық энергиямен байланысты тарихи артефакттармен таныстыратын мұрағаттық динамикалық суреттермен басталады.
 
2
2 – деңгей. Су энергиясы
Су энергиясының таныстырылымы судың көмегімен энергия алу процессін көрсететін бөгеттің көркем инсталляциясынан басталады.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2018 © ASTANA EXPO 2017