ЭКСПО мұрасы / Нысандар / Конгресс-орталығы

Конгресс-орталық – 2017 жылдың 10 маусымында Астана қаласында ашылған жаңа, көпфункционалды мәдени-ойын-сауық нысаны. Халықаралық конгрестерді, форумдарды, конференцияларды, симпозиумдарды, ресми іс-шараларды, пленарлық отырыстарды, панельді сессияларды, спорттық және мәдени шараларды өткізуге зор мүмкіншіліктері бар.

Мөлдір шатырлы бірегей құрылымды ғимарат EXPO-2017 көрме кешенінің ауданында орналасқан. Конгресс-орталығы іргелес тұрған қонақ үй кешенімен бірге бірыңғай архитектуралық ансамбль түзеді.Ғимараттың сәулеті қазіргі даму динамикасы мен болашақ жетістіктерді білдіреді. Конгресс-орталығы жалпы ауданы 43 220 м.2 құрайтын үш қабаттан тұрады, сондай-ақ, 179 орындық жерасты автотұрағы бар. Ғимараттың биіктігі 29 метр.

Конгресс-орталықтың үй-жайлары

  • 2 214 адамға арналған негізгі залдың жалпы ауданы 2 659 м.2

Конгресс-орталықтың негізгі залы 2 214 адамға есептелген (соның ішінде 1 610 орындық телескоптық мінбер, 492 мобильдік орындық және 22 орын мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған).

  • 4 конференц-зал (әр залдың жалпы ауданы 700 м.2)

КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛДАР мобильді аралықтың көмегімен икемді өзгертіледі. Бұл 350 м.2 залдардың аумағын тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Барлық залдар конференциялар, панельдік пікірсайыстар, дөңгелек стөлдер, тұсаукесерлер мен семинарлар өткізу үшін жиһазбен және базалық техникалық жабдықпен жабдықталған (акустикалық және жарықтандыратын жүйелер, мобильді видеоэкрандар, төралқаға арналған мобильді подиум және LDP проекторлар). Әр залға 400–600адамға дейін сыяды. 1-ші қабаттағы конференц-залдардың төбесінің биіктігі 5,2 м., ал екінші қабаттағыларының биіктігі 3,8 м.

  • Вестибюль (ауданы 2 305 м.2)

Жалпы аудына 2 305 м.2 құрайтын үлкен вестибюльдің әйнектелген шатыры ғимаратты табиғи жарықпен толтырады. Бұл демалыс үшін ыңғайлы орын. Қабаттарды төрт панорамалық лифт пен баспалдақтар байланыстырады. Көрмелерді, жәрмеңкелерді, фуршет пен салтанатты қонағасын, көшпелі кафе мен барларды, мобильді гардеробты тіркеу аймағын ұйымдастыру мүмкіндігі бар.

  • «Аспан» VIP-залы (ауданы 776 м.2)

«Аспан» VIP-залы (ауданы 776 м2) ресми қабылдауларды өткізуге ыңғайлы. Едендері жоғары сапалы ковроланмен жабылған.

Қосымша бөлмелер:

  • Ас-үй аймағы
  • Буфеттер-барлар
  • Келіссөздер бөлмесі
  • Билет кассасы
  • Кеңсе бөлмелері
  • Қойма бөлмелері
  • Стационарлық және мобильдік гардеробтар
  • Ресепшн

 

Қосымша ақпарат алу үшін Қоғамның коммерциалау департаментіне келесі байланыс телефондары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:
По вопросам бронирования площадок Конгресс-центра просим обращаться по следующим контактам:
Жанайдарова Ботагоз
+7 7172 917 172
+7 701 805 88 78
b.zhanaidarova@expo2017astana.com
Құсайынов Абай
+7 7172 917 176
+7 702 859 28 84
abaykussayinov@expo2017astana.com
Оператором по организации мероприятий на территории акционерного общества «Национальная компания «Астана ЭКСПО-2017» выступает ТОО «ASTANA EVENTS».
+7 701 222 62 59
+7 707 623 11 95
+7 702 792 26 17

event@astanaevents.com
 
Сіздерді өзара тиімді ынтымақтастыққа шақырамыз!
 
ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017