Cипаттамасы
Болашақ энергиясы
Президент
Қазақстан
Астана

«Нұр Әлем» павильоны / Болашақ энергиясы / Түйінді ұғымда

Астана ЭКСПО 2017 көрмесінің түйінді ұғымдары – «әлеуметтік-экономикалық» және «экологиялық тұрақты» – энергияны тұрақты даму мәнмәтінінде пайдалану туралы ойлану нәтижесінде қалыптасады.

Жоба шеңберінде қарастырылатын түйінді ұғымдардар

Әлеуметтік-экономикалық салаға қатысты:

         Қалпына келтірілетін қуат көздерін және энергияның басқа да баламалы түрлерін пайдалануға ынталандыру

             Энергияны тұтыну тиімділігі және ұтымды пайдалану

       Көлікті электрлендіру

         Көпшіліктің экологиялық таза энергияға қолжетімділігі

         Энергиямен қамтамасыз етілгендік

          Энергия мен материяның, тіршілік пен адамның бөлінбеушілігі

 

Қоршаған ортаға қатысты:

    Басты электр энергиясы ретінде пайдаланудағы шектеулі және қоршаған ортаны қатты ластаушы қазбалы қуат көздері

           Жаһандық жылыну және ауа-райының өзгеруі

            Қоршаған ортаның ластануы және денсаулыққа қауіп-қатері

       Қазбалы жанармайды пайдалану және көмірқышқыл газының шығарылуын азайту

 

Осылайша:

 

«БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫ» тақырыбына халықаралық көрме өткізу біздің тіршілігіміздегі басты мағынаға ие болатын және біздің өміріміздің қауіпсіздігі мен сапасын арттыруда шешуші рөл атқаратын мәселе туралы ойлануға мәжбүр етеді.

Бұл мәселе көліктерімізді энергиямен жабдықтауда, үйлерімізді жылытуда және қалаларымызды жарықтандыруда пайдаланатын азды-көпті дәстүрлі қуат көздерінің үдемелі ескіруі, толығу мүмкіншілігінің жоқтығы және оларды пайдаланудың біздің планетамызға, денсаулығымызға және қауіпсіздігімізге күрделі әсер етуі сенімсіздік пен қамкөңілдік тудыратын кезеңде әсіресе өзекті болып табылады.

 


Сондықтан, Астана ЭКСПО 2017 көрмесі тәрізді оқиға үшін тұрақты дамуға бағытталған барынша орынды және тиімді шаралар кешенін қолдау мақсатында БОЛАШАҚ ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ мүмкіндіктеріне қатысты мәселелерді қарастыру заңдылық қана емес, сонымен қатар аса қажетті болып отыр.

Астана ЭКСПО 2017 көрмесі бізге біздің денсаулығымыз бен қоршаған орта қауіпсіздігін қамтумен қатар экономикалық және әлеуметтік дамуды тездетуге қатысты адамзат алдындағы міндеттер мен мәселелерді ескере отырып, қуат тасымалдаушыларына жалпы, жаһандық көзқараспен қарауға көмектеседі.

Осы міндеттер мен мәселелердің сәтті шешімін табу көптеген факторларға, оның ішінде біздің әрқайсымыздың жеке қатысуымызға да байланысты болмақ.

 


Жаңалықтар

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

 

ZERO.KZ  

Политика конфиденциальности
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2017 © ASTANA EXPO 2017