Мамин Асқар Ұзақбайұлы

 
Директорлар кеңесінің төрағасы  (Жалғыз акционердің өкілі)
Қазақстан Республикасының азаматы. 1965 жылы туылған.
Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық академиясын тәмамдаған, мамандығы бойынша инженер-құрылысшы, экономист.
Еңбек жолын «Целинтяжстрой»тресінде монтажшы болып бастаған. Қазақстан инновациялық кәсіпорындар одағы директорының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.
1996 - 2008
Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі,  Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда Бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрі,Астана қаласының әкімі.
2008
жылғы сәуір айынан бастап «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының президенті, 2008 жылғы 17 сәуірде «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқармасының №04/08 КХГУА хаттамасынан үзінді)
2016
қыркүйекте Мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
2016
қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің  бұйрығымен  «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі  болып сайланды.
2016
жылғы 23 қарашадан бастап - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды
Награды:
1998
«Ерен еңбегі үшін» медалімен
2006
«Құрмет» орденімен
2011
екінші дәрежелі «Барыс» орденімен
2013
Француз Республикасының Құрметті легионы орденімен
2014
Испания корольдігінің «Азаматтық еңбегі үшін» бірінші дәрежелі  орденімен марапатталған
2011
Астана қаласының Құрметті азаматы
2012
Құрметті теміржолшы
2013
Қазақстанның Құрметті құрылысшысы.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
 
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2019 © ASTANA EXPO 2017