Компания туралы / Көрмеден кейінгі кешен

Бүгінде ЭКСПО аумағында:
«Астана» Халықаралық қаржы орталығы, «Astana Hub», Халықаралық «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы және IT–университет сынды ауқымды жобалар жүзеге асырылады.
С4.6
павильонында «Astana Hub» Халықаралық IT–стартаптар технопаркін орналастыру жоспарлануда. Онда дәрісханалар, конференц-залдар, виртуалды ақиқат жобаларын өңдеу зертханалары, сондай-ақ, «Astana Hub» серіктестері мен әкімшілігі үшін кеңселер қарастырылмақ.
«Astana Hub» - жобасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының құрамдас бір бөлігі. Дәл осы орталықта цифрландырудың жүзеге асырылуына өз үлесін қосатын қызықты және бірегей стратаптар дүниеге келмек.
С3
С4
Көрме кезінде С3 және С4 павильондарында халықаралық павильондар орналасқан болатын. Ал қазір бұл ғимараттарда «Астана» Халықаралық қаржы орталығы орналасатын болады.
S
Екі павильонның жалпы аумағы 56,8 мың шаршы метрді құрайды. Қайта құрастыру жұмыстарынан кейін аумағы 82,0 мың шаршы метрге дейін кеңеймек.
С3 блогында АХҚО-ның әртүрлі құрылымдық бөлімшелері орналаспақ. Олар: - әкімшілік, халықаралық сот, комитет, қор биржасы және т.б.. С4 блогында банктер мен АХҚО-ның білім беретін мекемелері жайғасады.
Басқа екі халықаралық павильонда IT-университет (С2) пен Бизнес-орталығы (С1) жайғастырылмақ. Екі павильонның қайта құрастыру жұмыстарына дейінгі ауданы – 47,6 мың шаршы метрді, кейін – 72,3 мың шаршы метрді құрайды.

Елбасының бастамасымен ЭКСПО базасында, атап айтқанда «Үздік тәжірибелер аймағы» павильонында Халықаралық «жасыл» технологиялар мен инвестициялық жобалар орталығы құрылмақ.
ЭКСПО аясында IT-университеттің құрылуы мен орналасуы бекер емес. Себебі университет еліміздің цифрлық экономикасына жоғары білікті мамандарды дайындаумен айналыспақ. Бизнес-орталық біріншіден АХҚО мақсаты мен міндеттеріне қарай бағытталады. Онда ірі халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары, сондай-ақ, АХҚО қатысушылары орналастырылады.
ЭКСПО-2017 мұрасы саналатын «Үздік тәжірибелер аймағы» инновациялық әдіс қолданылған технологиялар трансферті және жасыл экономикаға ауысу бойынша әлемнің үздік тәжірибелер орталығы болмақ. Бұл ретте ол БҰҰ және ЕҚЫҰ институттарымен тығыз байланыста болады.

«Үздік тәжірибелер аймағы» экспозицияларының бір бөлігі аталған орталықтың қажеттілігіне қалса, екіншісі «Нұр Әлем» павильонына ауыстырылмақ. Осылайша, біз ЭКСПО мұрасын сақтап қаламыз. Қайта қалпына келтіру жұмыстарына дейінгі аумағы – 3115 шаршы метр, ал кейінгі – 4,6 мың шаршы метрді құрайды.

ЭКСПО 2017 әлеуметтік желіде
Тіркел! Оқы!
                 БАРЛЫҚ ҚҰҚЫҚТАР ҚОРҒАЛҒАН. 2014 - 2018 © ASTANA EXPO 2017